Қарағандыда Головкин атындағы спорт кешені пайда болады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ inform.kz

Қарағанды облысы әкімдігінің хаабарлауынша, бұл ұсынысты облыс әкімінің орынбасары Асылбек Дүйсебаев білдірді. Ол Геннадий Головкинмен бірге құрылыс барысын қарады.

Майқұдықта дене тәрбиесі-сауықтыру орталығы «Спорт нысандарын дамыту» бағдарламасы бойынша салынуда. Кешен, бірінші кезекте халыққа дене тәрбиесі-сауықтыру сабақтарын ұйымдастыруға арналған. Барлық залдар мен секциялар тегін негізде жұмыс істейді», - деп атап өтті облыс әкімдігінде.

Жоба спорт залдарын, бассейн, бокс залы, ауыр атлетика, екі футбол алаңын қамтиды. Кешенді пайдалануға беру спортпен шұғылданатын тұрғындар санын 1500-ге арттыруға ықпал етеді. Нысан 2017 жылы күзде ашылады деп жоспарланған.

Қазір ғимарат ішін әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Аумақ абаттандырылды. Сыртқы жұмыстар аяқталып, екі футбол алаңы салынды.

Дереккөз: inform.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама