Ярослава Шведова «US Open» додасында Серена Уильямспен ойнайды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ lyakhov.kz

WTA рейтингінде 52-ші орында тұрған қазақстандық теннисші үшінші кезеңде өзінен бір саты жоғары тұрған қытайлық Чжан Чуайды 6:2, 7:5 есебімен жеңді. Ал алғашқы екі кездесуде Лара Арруабаррена-Весино (Испания) мен Ван Цяннан (Қытай) басым түскен болатын.

Айта кетейік, Серена Уильямс – әлемдегі ең үздік теннисшілердің бірі. «Үлкен дулыға» санатына енетін «US Open» додасында жекелей сында 5 рет, жұптық сайыста 2 рет чемпион атанған.  

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама