Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі 11-ші жеңісіне қол жеткізді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Екінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Бахтияр Эюбов осыған дейінгі 10 жекпе-жегін де мезгілінен бұрын аяқтаған болатын. Карим Мейфилдпен өткен кездесуінде жеңімпаз ұпай айырмасымен анықталды. Төрешілер қазақстандық боксшыны жеңімпаз ретінде таныды.

Айта кетейік, Бахтияр Эюбовтың есімі қазақстандық көп жанкүйерлер үшін аса таныс емес. Ақтөбе қаласында дүниеге келген боксшы осыған дейін Әзірбайжан елінің атынан әлемдік аренада бақ сынайды деген де ақпараттар тараған еді. Кейіннен қос тарап өзара келісімшарт ымырасына келе алмаған. Бүгінде Бахтияр кәсіпқой бокста Қазақстанның туының астында өнер көрсетіп келеді. Сондай-ақ америкалық “Salita promoution” промоутерлік клубы қазақстандық боксшымен келісімшартқа қол қойған. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама