«Астана» жаңа ойыншымен толықты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ fca.kz

27 жастағы жартылай қорғаушы мен клуб арасындағы келісімшарт мерзімі 2,5 жылға жоспарланған. Македониялық ойыншы «Астана» клубына еркін агент ретінде қосылып отыр.

Агим Ибраими соңғы рет Словенияның «Марибор» клубында ойнаған. Ал оған дейін «Шкендия» (Македония), «Ред Вулл» (Австрия), «Олимпия» (Словения), «Эскишехирспор» (Түркия), «Нафта» (Словения), «Кальяри» (Италия) клубтарында ойнаған. Ұлттық құрама сапында 36 ойынға қатысып, 7 гол соққан.

Македониялық жартылай қорғаушы «Астана» клубы сапында 9 нөмірмен өнер көрсететін болады. Әзірге ойыншының қанша жалақы алатыны белгісіз. Дегенмен бейресми деректер бойынша ойыншы бір маусымда 600 мың евро табысқа кенелетін көрінеді.

Айта кетейік, «Астана» биыл да Чемпиондар лигасында ел намысын қорғайды. Жарысты екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Жеребе тастау рәсімі 21 маусым күні өтеді. Қарсылас атануы мүмкін клубтар жайлы мына сілтемеге өтіп біле аласыздар.  

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама