Дариға Шакимова финалда жеңілді (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Дариға Шакимова 75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасады. Қытайдағы жарыста күміс медальды қанағат тұтқанмен, бастысы жартылай финалда солтүстік кореялық Унг Жангты ұтып, Олимпиада жолдамасын иеленді. Ұлттық құрама сапындағы қыздар арасындағы жалғыз жолдаманың иегері. Ал іріктеу турнирінде жолы болмаған Назым Қызайбай мен Назым Ишанованың Астанадағы әлем чемпионатында Олимпиада жолдамасын жеңіп алуларына зор мүмкіндіктері бар.

Бүгін Цяньаньдағы турнирдің соңғы күніндегі финалдық жекпе-жектер өтуде. 64 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіпов пен 91 келіден жоғары салмақта Иван Дычко кешкі кездесулерде алтын жүлдеге таласатын болады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама