Олжас Сәттібаев жартылай финалда жеңіліп қалды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

52 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз жартылай финалда қытайлық боксшы Жиангван Хуға есе жіберді. Төрешілер 3:0 (30:27, 30:27, 30:27) есебімен шаршы алаң иесін жеңімпаз ретінде таныды.

Олжас Сәттібаев Рио Олимпиадасының жолдамасынан үміт үзген жоқ. Қосымша жекпе-жекте жеңіске жетіп, жолдамаға ие болуына зор мүмкіндік бар. Қарсыласы - қырғыз боксшысы Азат Үсенәлиев. Сондай-ақ, 56 келіге дейінгі салмақтағы Қайрат Ералиев те қосымша жекпе-жекте жолдамаға таласатын болады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама