Абылайхан Жүсіпов Олимпиада жолдамасын жеңіп алды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ alaman.kz

64 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Абылайхан Жүсіпов жарысты бірінші кезеңнен бастаған болатын. Алғашқы жекпе-жегін үндістандық боксшы Манож Кумарға қарсы өткізіп, айқын басымдықпен ұтты. Екінші кездесуін осы салмақтағы үздік боксшы саналған оңтүстік кореялық Хунчул Лимді ұтса, жартылай финал үшін өткен жекпе-жекте аустралиялық Дэвид Бидллді 3:0 (30:25, 30:26, 30:27) есебімен жеңді. Ал жартылай финалда қытайлық Цянксун Худі жеңіп, Рио Олимпиадасына жолдама ұтып алды.

19 жастағы отандасымыз финалда Чинзориг Баатарсух (Моңғолия) пен Ермек Сакенов (Қырғызстан) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі. 

Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов бокстан Қазақстан құрамасына бесінші жолдаманы сыйлап отыр. Осыған дейін Рио жолдамасына Біржан ЖақыповБерік ӘбдірахмановДанияр Елеусінов пен Василий Левит ие болған еді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама