Андрей Аршавин "Қайрат" клубымен келісімшарт жасасты

Серікбол Ерсін Корреспондент
Фото ©️ вк

Клубтың ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, келісімшарт 1+1 сызбасы негізінде жасалды. Аршавин "Қайрат" құрамында 28-ші номерде өнер көрсетеді. Айта кетейік, Аршавин бұған дейін әйгілі "Зенит", "Арсенал" клубтарында өнер көрсеткен.

Андрей Аршавин соңғы рет Краснодардың «Кубань» клубы сапында ойнады. Негізгі құрамға көп іліге қоймаған ойыншы 1 қаңтар күні клубпен бейбіт түрде келісімшартты бұзды. Нәтижесінде футболшының өзге клубтардан ұсыныстар қабылдайтыны туралы айтылған болатын.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама