Зарина Дияс WTA турнирінде әлемнің 15-ракеткасынан жеңіліп қалды

Гүлжанар Берік Корреспондент
Фото ©️ comode.kz

Матчтың екінші айналымында қазақстандық спортшы Беларусь теннисшісі Виктория Азаренкомен ойнады. Кездесу екі сетте өтіп, Диястың жеңілісімен аяқталды, есеп - 3:6, 2:6.

Басылымның мәліметінше, WTA рейтингінде Дияс - 87. Ал Азаренко әлемнің 15-ракеткасы. Айта кетейік, бірінші айналымда Дияс АҚШ спортшысы Джейми Лебтен басым түсті. Жарыстың жүлде қоры 6,8 миллион доллардан асады.

Дереккөз: tengrinews.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама