«Арландар» әзірбайжан боксшыларын екінші рет жеңді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Баку шаршы алаңындағы жекпе-жектерде қазақ боксшыларының мысы басым болды. 52 келіге дейінгі салмақта Олжас Сәттібаев Магомед Ибиевті, 62 келіде Закир Сафиуллин Насраддин Мамедовты айқын басымдықпен жеңді.

69 келіге дейінгі салмақта Асланбек Шыммбергенов қарсыласы Тамерлан Абдуллаевқа есе жіберіп алды. Бір төреші шаршы алаңдағы шайқасты тең деп бағаласа, екеуі әзірбайжандық боксшы жеңіске жетті деп шешім шығарды.

81 келіге дейінгі салмақта Нұрдәулет Жарманов «Astana Arlans» клубына ерте жеңіс сыйлады. Қазақстандық боксшы үшінші раундта қарсыласы Михаил Даухалявецті техникалық нокаутпен жеңді. Ал соңғы жекпе-жекте Нұржан Бекзатов нокдаун алып қалды. Арсланбек Махмудовпен жұдырықтасқан отандасымыз орнынан тұрғанымен, төреші жекпе-жекті жалғастыртпады. Нәтижесінде «Astana Arlans» қарсыластарын 3:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Қарағандыда өткен алғашқы кездесуде де отандастарымыз қарсыластарын 4:1 есебімен жеңіп, мықтылықтарын мойындатқан болатын.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама