Тұңғыш рет қар үстіндегі шөгеннен республикалық турнир өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Kazakhstan polo federation

Бастауын Орта Азиядан алған шөген (шоған) ойынын Үндістанның бір бөлігін жаулап алған Бабыр сұлтан басқарған жетісулық моғолдар сол жаққа апарған. Кейіннен Үндістанды отарлаған ұлыбританиялық шай өндірушілер 1800 жылдардың басында шөген ойынына куә болып, 19 ғасырдың ортасында Еуропаға таратты. Бұл уақытта Англияда поло «атты хоккей» деген атаумен танымал бола бастаған кез еді. Поло ойыны Еуропаға жетісімен арнайы клубтар құрылып, одан әрі қанатын кеңге жайып Оңтүстік Америкаға, кейіннен АҚШ, Австралия елдеріне де жетті. Тіпті, 1900-1936 жылдары Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді. Бүгінде полоны әлемнің 84 мемлекетінде ойнайды.

Поло Аргентинада ұлттық спорт түрі саналады. Жаз мезгілінде Аргентинаға көптеген туристер мен әуесқойлар кәсіби деңгейде ойналатын бекзат спортты тамашалауға ағылады. Қазақстанда шөген ойынын қайта өрлету жөніндегі ұсыныстарды ғалымдар, журналистер және спорт функционерлері тоқсаныншы жылдардың аяғында айта бастады. Көп жылдан кейін 2012 жылы ғана Қазақстанда шөген федерациясы құрылды. Федерация қазіргі таңда шөгенді қайта жаңғыртып, өркендетіп, дамытып келе жатыр.

Қар үстіндегі шөген – шөгеннің қыс мезгілінде ойналатын түрі. Бұл жерде ойыншылар саны әр командада 3 адамға дейін қысқартылады. Әрине, белгілі себептермен қар үстіндегі шөген күрделілеу, сондықтан аттар мен ойыншылардың айырықша дайындығын қажет етеді. Турнир Іле-Алатауы бөктерінің көркем Талғар шатқалының аңғарында өтеді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама