Бекман Сойлыбаев чемпиондық белбеуге таласады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ diamondring.kz

Бекман Сойлыбаев осыған дейін жеті рейтингтік жекпе-жек өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтаған. Ал қазақстандық боксшының қарсыласы осал саналып отырған жоқ. Diamondring.kz cайтының хабарлауы бойынша, Мойсес Дельгадилло кәсіпқой бокста осы уақытқа дейін 30 жекпе-жек өткізіп (15 (8KO) – 13 – 2), бірнеше рет Белбеу үшін айқасқан. Атап айтқанда, «WBC Mundo Hispano», «WBC Caribbean Boxing Federation» және «WBC Youth World» тұжырымдары бойынша чемпиондық атақтарға таласқан.

Қазір Бекман Сойлыбаев Лос-Анджелесте, көпшілікке танымал бапкері Эрик Браунның жетекшілік етуімен алдағы жекпе-жегіне дайындалып жатыр.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама