«Барыс» Астанада «Автомобилист» клубын жеңді (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Бірінші кезең «Барыс» үшін сәтті басталғандай көрінген. Алайда қазақстандық клуб ойыншылары мұз айдындағы ойыншы саны бойынша басымдығын пайдалана алмады. Есесіне «Автомобилист» командасы өз мүмкіндіктерін пайдаланып кетті. 8 минутта Виталий Попов екатеринбургтік команданың ойыншы басымдығын пайдаланып, есеп ашты. 14 минутта Анатолий Голышев «Автомобилист» клубын екі шайба басымдығымен алға оздырды.

Екінші кезеңде «Барыс» барын салды. 2 минутта Кевин Далмэн есепті қысқартса, араға 1 минут сала Роман Старченко таразы басын теңестірді. Ал үшінші кезең қонақтардың кезекті рет алға шығуымен басталды. Ойын соңына дейін астаналық клубтың ойыншылары таразы басын теңестіріп қана қоймай, жеңіске бастар жолды таба білді. Дастин Войд пен Брэндон Боченскийдің соққан шайбалары «Барысқа» жеңіс сыйлады.

«Автомобилист» клубын жеңу арқылы «Барыс» плей-офф кезеңінде қалу мүмкіндігін жоғарылата түсті. Команда 11 қаңтар күні сырт алаңда «Лада» клубымен кездеседі. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама