Атыраулық 13 жастағы жігіт әлемдік үш рекорд орнатты

Серікбол Ерсін Корреспондент
Фото ©️ Ақ Жайық

Кирилл үшін бұл − әлемдік аренадағы дебют. Жас спортшы 13-15 жас дәрежесі бойынша бірнеше аталымда әлем чемпионы атанды (салмақ дәрежесі 52 келіге дейін). Сонымен қатар Кирилл зілтемірді жатып көтеруден (72,5 келі), зілтемірді тізеге дейін көтеруден (145 келі) және күштік үш сайыстан әлем рекордын орнатты.

"Өткен жылы мен әкем мен Эдуардты АҚШ-та болған чемпионаттан келгенінде суреттерін көргенмін. Содан кейін өзім де ойланып, мен де неге сондай болмасқа деп жаттығу жасай бастадым. Әкеме айтқан соң, біз мықтап дайындала бастадық", − дейді жас чемпион.

Эдуард 110 келіге дейін салмақта өнер көрсетті. "Ол басты қарсыласымен бірдей нәтиже көрсеткен, алайда оның салмағы −107,4 келі, қарсыласының салмағы 107 келі болғандықтан, біздің спортшымыз екінші орын алды", − деді бапкер Александр Литвинов.

Басылымның хабарлауынша, чемпионатқа 36 елден 400-ден аса атлет қатысқан. Қазақстан намысын 46 спортшы қорғады. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші орын алды.

Пауэрлифтинг үш жаттығудан тұрады: зілтемірді иыққа қойып отырып-тұру, зілтемірді жатып көтеру және зілтемірді тізеге дейін көтеріп тұру.

Дереккөз: tengrinews

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама