Альварес Коттоны жеңуі арқылы орта салмақта WBC чемпионы атанды

Серікбол Ерсін Корреспондент
Фото ©️ tengrinews

Жекпе-жек бүгін, 22 қарашада, Лас-Вегастағы Mandalay Bay аренасында 155 фунт (70,3 келі) аралық салмағының аясында өтті. Кездесу 12 раундтқа созылып, қазылар алқасының шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті. Айта кетейік, кездесуге қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келіп, қонақ болды.

Еске салайық, осыған дейін Котто орта салмақтағы WBC титулынан айырылған болатын. Ендігіде Сауль Альварес бұл чемпиондықты міндетті түрде GGG-мен сарапқа салуы тиіс. 

Дереккөз: tengrinews

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама