Kazsport комментаторларға кастинг жариялайды

Серікбол Ерсін Корреспондент
Фото ©️ sports

Үміткер түйіндемесін 12 қараша күнгі кешкі 22.00–ге дейін kazsporttv.kz@mail.ru поштасына жіберу қажет. Бұл — телеарнаның 2015 жылы жалпы төртінші, Алматыда өткізіліп отырған бірінші байқауы.

"Kazsport" телеарнасы үміткерлерден кастингке жауапкершілікпен дайындалып, өздері мен өзгенің уақытын бағалауды сұрайды. Байқауда футбол, хоккей және басқа да командалық спорт түрлері мен жекпе-жек сайыстарынан материалдар пайдаланылады. 

Ескерту: Үміткерлерде өзімен бірге төлқұжаты немесе жеке куәлігі болуы шарт.
Мекенжайы: Алматы қаласы, Желтоқсан даңғылы 177.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама