Элизабет Тұрсынбаева «Scate America» турнирінде төртінші орын алды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ sports.kz

Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарлама бойынша алтыншы орын алған болатын. Еркін бағдарламада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 119,3 ұпай жинап, төртінші  орыннан көрінді. Нәтижесінде қос бағдарлама қорытындысы бойынша 178,56 ұпай жинап төртінші орынды қанағат тұтты. Ал 2014 жылғы Сочи Олимпиадасында чемпион атанған Юлия Липницкая алтыншы орыннан көрінді.

15 жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы ересектер арасындағы ірі турнирге небәрі екінші рет қатысып отыр. Отандасымыз үшін төртінші орын жоғары нәтиже. Алдағы уақытта Элизабет бұдан да жоғары нәтиже көрсетеді деп сенеміз. Қазіргі таңда отандасымызды әйгілі канадалық бапкер Брайан Орсер жаттықтырады.

Қыздар арасында «Scate America» халықаралық турнирінде ресейлік Евгения Медведева жеңімпаз атанды. Ол қос бағдарлама қорытындысы бойынша 206,01 ұпай жинады. Күміс медаль америкалық Грейси Голдқа (257,43 ұпай) бұйырса, үшінші орынды жапон қызы Сатоко Мияхара (188,07 ұпай) жеңіп алды.

Айта кетейік, «Scate America» халықаралық турнирінің ерлер сынында отандасымыз Денис Тен тоғызыншы орын алды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама