«Scate America». Денис Тен қысқа бағдарламадан кейін алтыншы орында

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ massaget.kz

Сочи Олимпaиадасының қола жүлдегері Денис Тен қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша алтыншы орынға тұрақтады. Отандасымыз 79,02 ұпай жинады. Бірінші орынға шыққан америкалық Макс Аароннан 7,65 ұпайға қалып қойды. Екінші орыннан қытайлық Хань Янь көрінсе, үштікті ресейлік Константин Меньшев қорытындылап тұр.

Қыздар арасында ел намысын қорғап жатқан Элизабет Тұрсынбаева ересектер арасындағы алғашқы турниріне қатысуда. Отандасымыз қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 59,26 ұпай жинап, жетінші орында келеді.

«Scate America» халықаралық турнирін «KazSport» арнасы тікелей эфирде көрсетуде. Спортшылардың еркін бағдарлама сыны бүгін түнде өтеді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама