Андрей Назаров «Барысты» қайта жаттықтыратын болды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

«Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры қамқорлық кеңесінің шешімімен Андрей Назаров бас жаттықтырушы болып тағайындалды. Ал осыған дейін бас жаттықтырушы қызметін уақытша атқарып келген Евгений Корешков аға бапкер қызметін атқарады.

Андрей Назаров «Барыс» хоккей клубындағы қызметінен кеткеннен кейін Санкт-Петербургтің «СКА» клубын жаттықтырды. Осыдан төрт күн бұрын команданың маусымдағы сәтсіздігінен кейін жаттықтырушы қызметінен кеткен еді. Нәтижесінде Андрей Назаров жұмыссыз қалған жоқ. «Барысты» қайта жаттықтыратын болды. Клубты Братиславаға ресейлік маман бастап барады. Ал келісімшарт мерзімі туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Айта кетейік, елордалық «Барыс» соңғы ойынын сырт алаңда өткізіп, мәскеулік «Динамоны» ұтқан болатын.  

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама