Ярослава Шведова жұптық кезеңде «US Open» жартылай финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ zimbio.com

Ярослава Шведованың жекелей сында жолы бола қойған жоқ. Үшінші кезеңде хорват теннисшісі Тереза Мрдежаға ұтылған-ды. Есесіне жұптық сында Кейси Деллакуамен бірге сәтті өнер көрсетіп келеді. Ширек финалда қазақстандық-австралиялық жұп ресейлік теннисшілер Алла Кудрявцева мен Анастасия Павлюченкованы жеңді. Есеп 6:2, 2:6, 6:3.

Жартылай финалда Ярослава Шведова мен Кейси Деллакуа жұбы америкалық Коко Вандевеге мен неміс теннисшісі Анна-Лена Гренефельд жұбына қарсы ойнайды.  

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама