Америкалық боксшы Головкиннің әлсіз тұсын атады

Қарлыға Бүйенбай Корреспондент
Фото ©️ news.headline.kz

Кіші Монро мамырда болған жекпе-жекте осылайша Головкинге қиындық тудырғанын айтты. "Мен Лемьеге өз тәжірибемнен кеңес бергім келеді. Мен Головкинге жақын дистанцияда проблема туғыздым. Лемьенің апперкоты жақсы, ол Головкинді өзімен санасуға мәжбүр ете алса, бұл Головкин үшін ең қатал түн болар еді", - деді америкалық боксшы.

Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Өткен аптада Головкин мен Лемьенің ESPN студиясындағы Face off видеосы жария болды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама