Қазақстан футбол федерациясының мобильді қосымшасы іске қосылды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ kff.kz

Мобильді қосымшаны ұялы телефон немесе планшетке «PlayMarket» пен «AppStore» жүйелері арқылы жүктеп алуға болады. Қосымшаның көмегімен қазақстандық жанкүйерлер жаңалықтарды ұялы телефон арқылы оқуға мүмкіндік алып отыр. Ұлттық құраманың құрамымен танысады. Ойын нәтижелері мен іріктеу турнирлерінің кестесін қарай алады. Сонымен қатар, ҚФФ-ТВ көрсетілімдері мен бейнешолуларын тамашалауға болады. Жанкүйерлердің ұлттық құрама ойыншыларының суреттерін жүктеп алуына да мүмкіндік бар.  

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама