ҚазҰУ студенті Универсиада чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ sports.kz

Никита Филиппов секіру жаттығуында 5 метр 50 сантиметр нәтижесімен алдына жан салмай, алтыннан алқа тақты. Күміс медаль ресейлік Илья Мудровқа бұйырды. Ол да Никита бағындырған нәтижені көрсеткен болатын. Бірақ, бірнеше мүмкіндікті пайдаланып қана өз жоспарын жүзеге асырды. Қола жүлде поляк Роберт Собераға бұйырды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 5 алтын, 4 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 11-ші орында келеді. Жарыс 14 шілде күні мәресіне жетеді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама