Ярослава Шведова «Ролан Гарростың» жұптық кезеңінде жартылай финалға шықты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ http://emageogroup.com/

Ширек финалда Ярослава Шведова мен Кейси Делакуа Нидерланды және Чехия елінің намысын қорғайтын теннисшілер Михаэль Крайчек пен Барбора Загловова-Стрыкованы жеңді. 1 сағат 20 минутқа созылған ойынның бірінші сетінде 6:3 есебімен басым түссе, екінші сетті 7:5 нәтижесімен аяқтады. Жұп құрап өнер көрсетіп жатқан қазақстандық және австралиялық теннисшілер жартылай финалда Сильвия Солер-Эспиноcа/Мария-Тереса Торро-Флор және Екатерина Макарова/Елена Веснина жұптарының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Ярослава Шведова мен Кейси Делакуа жұбы мамыр айында өткен Мадридтегі халықаралық турнирде жеңімпаз атанған болатын. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама