Қазақстан жастар құрамасы «Ордабасымен» жолдастық кездесу өткізеді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты таратқан ақпарат бойынша, жастар құрамасы сапына 23 ойыншы шақырту алған.

Бапкерлер құрамы оқу-жаттығу жиынына келесі футболшыларды шақырды:

Қақпашылар: Голубничий Михаил («Астана»), Грубов Олег («Қайрат»), Дүйсен Абылайхан («Бәйтерек»);

Қорғаушылар: Агайсин Әнуар («Тобыл»), Әділханов Темірлан («Жетісу»), Аслан Рафкат («Тобыл»), Рудосельский Тимур («Қайрат»), Сартаков Григорий («Ертіс»), Халезов Павел («Астана»), Цой Данил («Қайсар»), Шаихов Берік («Астана»);

Жартылай қорғаушылар: Балтабаев Ойбек («Қайрат»), Валиуллин Руслан («Ақжайық»), Жалмұқан Дидар («Ақтөбе»), Сүлей  Әлішер («Ертіс»), Таубай Абзал («Тараз») Төлиев Мирас («Оқжетпес»), Тұңғышбаев Еркебұлан («Ордабасы»), Хайруллин Ринат («Жетісу»);

Шабуылшылар: Әйімбетов Абат («Ақтөбе»), Сариев Рауан («Ордабасы»), Маров Алексей («Атырау»), Чулагов Самит (ЦСКА).

Премьер-лига ойындарының екі туры өтетіні ескеріліп, келесі футболшылар қосымша тізімге енгізілген: қорғаушы – Кейлер Сергей («Қайсар»), Сүлейменов Аслан («Бәйтерек»), жартылай қорғаушылар - Антипов Иван («Ақжайық»), Қалымбетов Мұхтар («Бәйтерек») және Нүкебай Данияр («Оқжетпес»).

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама