Зарина Диастың Мария Шараповаға шамасы жетпеді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Comode.kz

Бірінші сеттен-ақ белсенген ресейлік теннисші бабында екенін байқатты. Қазақстандық теннисшіні де оңай жеңілмейді деп күткенмен, тәжірибе жетіспейтіні анық байқалды. Бір сағатқа созылған корттағы кездесуде Мария Шарапова 6:1, 6:1 нәтижелерімен жеңіске жетті. Байқағанымыздай, Зарина екі сетте бір-бір геймде ғана қарсыласынан басым түсті.

Зарина Диас 2014 жылғы «Australian Open» халықаралық турнирінде де үшінші айналымға дейін жеткен еді. Ол жолы отандасымыз румын қызы Симон Халептен жеңіліп қалған болатын.

Осыған дейін Австралия ашық біріншілігінің 1/16 финалында Ярослава Шведова да қытайлық Пэн Шуайдан жеңіліп қалған-ды. Енді қазақстандық теннисшілер жұптық бәсекедегі кездесулерін жалғастыратын болады. Екеуі де жұбымен ертең жарыс жолына шығады. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама