Ғалым Жарылғаповтың ұлы «Шахтер» командасын басқарады

О Сансызбай Корреспондент

«Кеншілер» ұжымының директоры қызметін осыған дейін Ерден Халилин атқарып келген еді. Бүгін белгілі болғандай, клубтың директорлар кеңесінің шешімімен атқарушы директор қызметіне Нұрғазы Жарылғапов бекітілді. Ал бұрынғы басшы болса өзге қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылған көрінеді. Әзірге қандай қызметке орналасқаны құпия қалып отыр. Ерден Халилин басқарған тұста «Шахтер» командасы өз тарихындағы ең жоғары жетістіктерге қол жеткізді: екі рет Қазақстан чемпионы атанды, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты. Одан бөлек былтырғы жылы Қазақстан кубогы мен Суперкубокты да иеленген еді. Енді жаңа атқарушы директор туралы айта кетейік.

Нұрғазы Жарылғапов есімі ел спорты жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол – қазақ боксының әйгілі жанашыры марқұм Ғалым Жарылғаповтың ұлы. Бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, заңгер, экономист және педагог. Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған. Кеден ісі саласында да жоғарғы қызметтерде болған.

Айта кетейік, өткен маусымда қаржылық тоқырауға ұшыраған қарағандылық «Шахтер» командасы алдағы маусымға үлкен өзгеріспен қадам баспақ. Осыған дейін команданы жаттықтырып келген Виктор Кумыковтың орнына Владимир Чебурин келген еді. Сонымен қатар, клубтан бірнеше белді футболшылар өзге командаға ауысты. 

Сурет: vesti.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама