Cергей Хижниченко «Ақтөбе» ойыншысы атанды

О Сансызбай Корреспондент

Польшаның «Корона» командасында өнер көрсетіп келген Сергей Хижниченконың командамен келісімшарты аяқталды. Нәтижесінде еркін агент ретінде «Ақтөбе» сапын толықтырды. Футболшымен клуб басшылығы бірақ уақыттан бері келіссөз жүргізіп келген екен. Келісімшарт мерзімі екі жылға жоспарланды. Естеріңізде болса, шабуылшы польшалық командадан бұрын қарағандылық «Шахтер» сапында ойнаған болатын.

Владимир Газзаев командасына литвалық жартылай қорғаушы Артурас Жулпа да қосылды. Бұл ойыншыны да «Ақтөбе» командасының басшылығы ұзақ бақылауда қараған. Литва ұлттық құрамасының ойыншысымен команда үшжылдық келісімшартқа қол қойыпты. Алдағы уақытта клуб қатарын тағы да жаңа ойыншылар толықтыруы мүмкін. Сонымен қатар, клуб қорғаушы Алексей Мулдаровпен келісімшарт мерзімін ұзартпайтын болды.

Айта кетейік, осыған дейін Сербияның «Раднички» командасында ойнайтын Бауыржан Тұрысбек те елге оралған болатын. Ол алдағы уақытта талдықорғандық «Жетісуда» өнер көрсетуі мүмкін.  

Сурет:vk.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама