«Барыс» Минскіде «Динамоға» есе жіберді

О Сансызбай Корреспондент

Елордалық клуб бірінші кезеңде қарсыластарды алға оздырып алды. 14-ші минуттағы Дастин Бойдтың алаңнан қуылуын сәтті пайдаланған «Динамо» командасы «Барыс» қақпасына екі шайба соғып үлгерді. Десе де, үшінші кезең басында Андрей Назаров шәкірттері таразы басын теңестірген болатын. Бірақ, артынша алаң иелері есепте алға шығып кетті. Ойын соңына дейін тағы екі рет Ян Лацо қорғаған қақпадан саңылау тапты. Нәтижесінде алаң иелері 5:2 есебімен жеңісті өз иеліктерінде қалдырды.

Қазіргі таңда елордалық «Барыс» 56 ұпаймен шығыс конференциясында 6-шы орында тұр. «Динамо» болса 64 ұпаймен батыс конференцияда 5-ші орынға тұрақтады. Қазақстандық клуб келесі кездесуін 24 желтоқсан күні Астанада қазандық «Ақ барысқа» қарсы өткізеді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама