Жанат Жақиянов кезекті жекпе-жегін жеңіспен аяқтады (видео)

О Сансызбай Корреспондент

Жанат Жақиянов EBU жүйесі бойынша жеңіл салмақтағы Еуропа чемпионы атағын, және  «WBC Eurasia Pacific Boxing Council» белбеуін қорғап қала білді. Ал 28 жастағы филиппиндік боксшы отандасымызға қарсы қауқар таныта алмады. Өйткені, осыған дейінгі өткізген 37 жекпе-жегінің 16-сында ғана жеңіске жетіп, 20-сында жеңіліс тапқан Роберто Лорио аса мықты боксшы да емес еді. Ал 30 жастағы жерлесіміз 25 кездесуінің 24-ін жеңіспен аяқтаған. Тек, 1 жұдырықтасуында ғана қарсыласына есе жіберсе, 17 жекпе-жегін мезгілінен бұрын аяқтаған.

Жанат Жақиянов ағылшындық «Hatton Promotions» промоутерлік компаниясымен бірге жұмыс жасап келеді. Компания иегері мен бапкер Рикки Хаттон жерлесіміздің осы уақытқа дейін өткізген кездесулердегі өнерін жоғары бағалауда. Танымал тұлғаның ойы еуропалық басылымдарда да жарияланды.

Сурет:hattonboxing.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама