Қазақстан Азия Кубогында үшінші орын алды

О Сансызбай Корреспондент

Байрақты бәсекеге негізгі құрамын алып келген Оңтүстік Корея құрамасы жоғарғы деңгейде өнер көрсетті. Финалда Үндістан құрамасы қарсылық таныта алғанмен, кәрістерге шеберлік жетіспеді. Ал үшінші орын үшін болған тартыста Қазақстан құрамасы Иранды жеңді. Қонақтар фаворит саналғанмен, қола үшін тартыста жерлестеріміз намысты қолдан бермеді. Тек екінші кезеңді ғана Иран құрамасы жеңіспен аяқтады. 

Жеңімпаз атанған Оңтүстік Корея құрамасы 4 600 000 теңге сыйақы алса, күміс жүлдені жеңіп алған Үндістан құрамасы 3 700 000 теңгені иеленді. Ал Қазақстан құрамасына 2 700 000 теңге бұйырды. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия кубогында бір рет қана жүлдегерлер қатарынан көрінген. 1993 жылғы финалда жерлестеріміз Оңтүстік Кореяға ұтылып, күміс жүлдені иеленген-ді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: volley.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама