ОҚО мен Ақмола облысы ҚБФ турнирін жеңіспен бастады

О Сансызбай Корреспондент

Щучиньскі қаласында өтіп жатқан «С» тобында Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Қызылорда облыстарының боксшылары сынға түсуде. Жаңа ғана аяқталған бірінші күндегі жекпе-жектерде Ақмола облысының боксшылары Қызылорда өңірінің былғары қолғап шеберлерін 7:3 есебімен басым түсті. Ал екі рет финалға жетіп жығылған ОҚО Қостанайдан келген боксшыларды ойсырата жеңді. Жеңіл салмақтарда (49 және 52 келі) қостанайлықтар қатарынан қарсылас рингке шықпаса, үш кездесу ұпай көрсеткішімен, ал қалған бес жекпе-жек техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын аяқталды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама