Марат Хайруллин жаңа жетістігін бағындырды

О Сансызбай Корреспондент

30 жастағы жартылай қорғаушы кеше еурокубоктағы 36-шы кездесуін өткізді. Сонымен қатар, Марат Чемпиондар лигасының електік кезеңіндегі үздік нәтижелі пас шығарушылардың қатарынан да табылып отыр. 2014/2015 жылғы маусымдағы додадағы оның берген 3 пасы командаға нәтиже сыйлаған.

Еурокубок додаларына ең көп қатысқан футболшылар:

1.​ Марат Хайруллин — 36;
2.​ Пётр Бадло — 35;
3.​ Самат Смақов — 34;
4.​ Эмиль Кенжисариев — 33;
5.​ Андрей Сидельников — 31;
6.​ Юрий Логвиненко — 26.

Естеріңізге сала кетсек, «Ақтөбе» кеше өз алаңындағы бірінші ойында румындық «Стяуамен» 2:2 есебімен тең тарқасқан болатын. Қарымта кездесу 6 тамыз күні сырт алаңда өтеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:sport.mail.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама