2024 жылғы жазғы Олимпиаданы өткізуге 5 қала таласады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ nbcbayarea.com

ХОК 2024 жылғы Олимпиаданы өткізу өтініштерін қабылдауды 15 қаңтардан бастады. Сегіз айға созылған өтініштер қабылдау кезеңі бойынша 5 қала тіркеуден өткен. Олар: Париж (Франция), Рим (Италия), Будапешт (Венгрия), Лос-Анджелес (АҚШ) және Гамбург (Германия).

Лос-Анджелес пен Париж осыған дейін Олимпиада ойындарын екі реттен өткізген. Франция астанасы жазғы доданы 1900 және 1924 жылдары өткізсе, АҚШ қаласы 1932 және 1984 жылдары қабылдаған. Рим болса 1960 жылғы Олимпиаданы өткізген қала ретінде танымал. Будапешт пен Гамбург өз тарихтарында Олимпиада ойындарын өткізбеген.

Сарапшы мамандар 5 қаланың ішінде Лос-Анджелес пен Парижді фавориттер ретінде санап отыр.

Айта кетейік, 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Рио-де-Жанейрода жалауын желбіретсе, 2020 жылғы дода Жапония астанасы Токиода өтеді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама