2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге ниетті қалалар саны артты

О Сансызбай Корреспондент

Алматыдан өзге Польшаның Краков, Норвегияның Осло, Украинаның Львов және Қытайдың Пекин қалалары бар. Ақ Олимпиада ойындарын өз жерінде өткізуге ниетті бұл қалалар барлық құжаттарын тапсырып үлгерген. Алғаш болып Алматы қаласы өтініш білдірсе, соңғысы болып кеше Польшаның Краков қаласы өз өтініштерін ұсынды.

Олимпиада комитеті алғашқы кезеңде үміткер қалалардың құжаттарын толық тексеріп шықса, екінші кезеңде үміткер-қалалардың спорт нысандары мен өткізуге әлеуеті толыққанды тексеріліп шығады. Осыдан кейін ғана халықаралық Олимпиада комитеті басшылығы 2015 жылдың 31 шілдесінде Куала-Лумпурде (Малайзия) өтетін жиналысында жеңімпаз қаланың атын жариялайтын болады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама