2015 жылы премьер-лига жүйесі ауысады

О Сансызбай Корреспондент

Бүгін кәсіби ел футболы лигасының төрағасы Михаил Гурман аталған жүйе туралы sports.kz сайтына сұхбат берді. Сұхбатта айтуынша, енді премьер-лигада саннан гөрі, сапаға көшкен дұрысырақ көрінеді. Мұндай қадамға бару Еуропа елдерінде әлдеқашан қолға алынғаны да рас. Михаил Гурман мырза тағы да премьер-лигадағы командалардың санының азаюы, бәсекелестікті жоғарылатса, екінші жағынан қаржылық мәселені шешудегі бірден-бір жол деп көрсетті. Мұндай жүйе 2015 жылы жолға қойылғаннан кейін, ешқандай бөлікке бөлінбей, командалар 4 айналымда кездесулер өткізетін болады. Ал «күз-көктем» маусымында өнер көрсету туралы жүйенің басты қағидалары алдағы уақытта шешілмек. Ал қазіргі таңда бірнеше команда қысқы манеж салуға құрылыс жұмыстарын бастағалы да жатқан көрінеді. 

Еуропада "күз-көктем" маусымы жолға қойылған. Еурокубоктың басты кездесулері де осы маусым қарсаңында өтеді десек болады. Ал біздің премьер-лига жүйесі бұл маусымға сәйкес келмейтіні анық. Кешегі Еуропа Лигасының өзі мұны бір байқатқандай. Ал оқырман, сіз қалай ойлайсыз?

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ffk.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама