2015 жылғы «Қазақстан барысының» өтетін уақыты өзгерді
2015 жылғы «Қазақстан барысы» турнирі Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы ассамблеясы 20 жылдығы мен Конституцияның 20 жылдығына арналып отыр. Республикалық турнирдің финалдық додасының өтетін күні Астана күні мерекесіне орай ұйымдастырылатын шаралардың тығыздығына байланысты 4 шілдеге ауыстырылып отыр. Басталуы сағат 12:00-де.
Еліміздегі ең ірі дода «Қазақстан Барысы» турнирінің финалдық жарысына кіру билеттері келесі аптадан бастап сатылымға түседі. Билет сатылатын орындар «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының ресми сайтында жарияланатын болады.