Бүгін еурокубок жеребесі тартылады

О Сансызбай Корреспондент

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне 47 команда қатысады. Ал оның 34-і екінші електік кезең аяқталғаннан кейін белгілі болса, 13 клуб осыған дейін анықталып қойған болатын. УЕФА-ның рейтингінде коэффициенттері жоғары клубтар бір топқа топтастырылса, нәтижесі көңіл көншітерлік емес ұжымдар бір топқа топтастырылу арқылы жеребе тартылады.

Еуропа лигасының үшінші електік кезеңіне 98 команда жолдама алады. Оның 18-і анықталып үлгерген болса, 40 команда екінші кезеңнің қарымта кездесулерінен кейін белгілі болады. Сонымен қатар, бір елдің клубтары мен қазіргі таңдағы «қырғи-қабақ» саясат ұстанып отырған мемлекеттердің футбол клубтары бір-бірімен кездеспейді. Жеребе тастау рәсімі Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады.

Осыған дейін еурокубок сындарында ел намысын қорғап жатқан Қазақстан клубтары УЕФА-ның клубтар рейтингінде еліміздің нәтижесін жоғарылатты. 2.125 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы Грузия мен Молдова елдерін басып озып, 32-ші орынға тұрақтады. Кеше аяқталған Еуропа лигасының ойындарын қосқанда, қазақстандық 4 клуб 10 кездесуден 7 жеңіс пен 3 тең кездесу нәтижесін көрсетіп отыр. Әзірге жеңілістің ащы дәмін татпаған жерлестерімізге сәттілік тілейміз! 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:vk.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама