Месси рекорд жаңартты

Естеріңізге сала кетелік, бұл рекорд 1973 жылдан бері жаңартылмай келе жатқан еді. Немістің футболшысы Мюллер сол жылғы маусымда 67 голдың иесі атанған болатын. Барселоналық Месси 68-ші голын "Малагамен" ойналған ойында қанжығасына байлады. Месси сонымен қатар, "Реалдың" форварды Криштиану Роналдомен хет-тректер саны бойынша теңесті.

Айта кетелік, осы жылдың наурызында Месси әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы атанды. Жарнамалық келісім-шарттарды есептегенде, оның қалтасына жылына 40 миллион доллар құйылып отырады екен. 

сурет: hotwalls.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама