Қазақстан Венгрия құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді

О Сансызбай Корреспондент

Жолдастық кездесу Венгрия жерінде өтеді деп жоспарланған. Нақты қай қаласында өтетіні алдағы уақытта белгілі болмақ.

Венгрия ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 44-ші орында болса, УЕФА рейтингінің 25-ші сатысына жайғасқан. 2014 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу сынының «D» тобында өнер көрсетіп, 3-ші орынға тұрақтаған.  10 кездесудің 5-інде жеңіске жетіп, 2 кездесуді тең аяқтап, 3 ойында жеңіліс тапқан.

Мажарлар елінің құрамасы сапында қақпашы Габора Кирай («Мюнхен-1860» Германия), жартылай қорғаушы Балаш Джуджак («Динамо» Мәскеу, Ресей), Йожеф Варгу («Мидслбро» Англия), шабуылшы Адам Салай («Шальке-04» Германия) секілді еуропалық аренада өнер көрсетіп жүрген футболшылар доп тебеді. Екі құрама осыған дейін бір-бірімен кездесу өткізбеген екен.

Естеріңізге сала кетсек, енді екі күннен кейін Юрий Красножан баптайтын Қазақстан ұлттық құрамасы Литвамен жолдастық кездесу өткізеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ffk.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама