Мейвезер vs Майдана

Болат Қосмағамбет Корреспондент

«Мен Маркос Майданамен 3 мамыр күні PPV Showtime/CBS-те (яғни, көрермендер трансляция үшін ақша төлейтін ақылы формат) кездесемін»,-деп жазды Мейвезер өзінің туиттердегі парақшасына. Чемпиондық атақтарды біріктіретін кездесу Невада штатындағы АҚШ-тың ойын-сауық қаласы саналатын Лас-Вегаста өтпек.

Осыған дейін Мейвезермен кездесуге үміткерлер арасында жартылай орта салмақтағы WBC чемпионы, 27 жасар британдық Әмір Хан да болған еді. Ал американдық болса қос үміткердің арасынан қарсыласын өзінің Instagram-дағы парақшасында дауыс беру нәтижесінде анықтамақ болған еді.

Оның қорытындысы бойынша, Әмір Хан жеңіске жеткен болатын. Алайда кейін Хан Мейвезердің командасына бірнеше рет хабарласқанымен, одан ешқандай жауап ала алмаған көрінеді.   

Флойд Мейвезер өзінің спорттық ғұмырында 45 кездесу өткізіп, оның барлығында да жеңіске жеткен. Ал Майдананың еншісінде 35 жеңіс (31-і нокаутпен) және 3 жеңіліс бар.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: boxing360.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама