Мейвезер футбол матчына 5 млн. доллар бәс тікті

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Ал барлық салмақ дәрежесіндегі әлемнің үздік боксшысы саналатын Флойд Мейвезер бұл кездесуде «Денверге» сеніп артып отыр. Бұл финалдық кездесу (Super Bowl) алдағы сенбіден жексенбіге қараған түні өтпек.

Super Bowl – америкалық футболдан Ұлттық футбол лигасының (NFL) чемпионы атағына талас өткізетін финалдық кездесу осылай аталады. Бұл күн АҚШ-та дәстүрлі түрде үлкен мереке ретінде тойланады.  

Айта кету керек, бұл Мейвезердің матчтарға алғаш қойып отырған алғашқы бәсі емес. Мысалы, өткен жылдың маусым айында ол «Майами Хит» пен «Индиана Пэйсерс» арасында болған баскетбол матчында алғашқысының жеңісіне 5,9 миллион доллар қойып, нәтижесінде «Майами Хит» жеңіске жетіп, боксшы қойған сомасын екі еселеп қайтып алды.    

36 жасар Флойд Мейвезер кәсіпқой рингте 45 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен. Оның 26 кездесуі уақытынан бұрын Флойдтың пайдасына шешілді. Осы тұста бір қызықты жаңалықпен бөлісе кетсек. Бүгін қазақстан боксшы Геннадий Головкин осы бір америкалық бокс жұлдызымен кездесу үшін салмақ тастап, орта салмақтағы чемпиондық атақтарды біріктіру ойынан да бас тартуға әзір екендігін мәлімдепті. Ендігі кезекте Флойд Генаның ұсынысына келісіп жатса, онда бұл кездесу бокс әлеміндегі биылғы жылдың басты оқиғасына айналғалы тұр.    

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: allboxing.ru

 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама