«Атлетико» Фалькаоны қолдады

О Сансызбай Корреспондент

Францияның Кубогінің 1/16 финалында тізеден ауыр жарақат алған 27 жастағы сұрмерген ойыншы осы жазда Бразилияда өтетін Әлем Чемпионатына қатыса алмайтыны туралы осыған дейін хабарлаған болатынбыз.

Фалькаоның жарақаты жайлы естіген колумбиялық жанкүйерлер сол уақытта-ақ қатты толқып, Эртекті өмір бойына футболдан аластату керек деген шешім шығарған. Өз кезегінде, жарақат салған жанның мектепте география пәнінен сабақ беретінін де айта кеткіміз келеді.

Сонымен қатар, мадридтік «Атлетико» да Радамель Фалькаоның Әлем чемпионатына қатыса алмайтынына өкініш білдіріп, бұрынғы командаласына өз көңілдерін жеткізді. Испания кубогы 1/4 финалы аясындағы «Атлетикке» қарсы кездесуде клуб «өзіңе бекем бол, эль-барыс» деген жазуы бар жейде киіп шықты.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:vk.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама