16 жастағы қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атанды

Massaget.kz Корреспондент
Фото ©️ Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі

61 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Сайрамкез Ақмолда қоссайыс бойынша 257 кг (112 + 145) көтеріп, берілген алты мүмкіндікті де сәтті пайдаланды.

"Біз осы әлем чемпионатына қарқынды дайындалдық, жаттығу кезінде барлық спортшы жақсы нәтиже көрсетті. Сайрамкез Акмолда біздің үмітті ақтады, бапкерлер құрамы оны үшінші орыннан көрінеді деп болжаған. Мұндай жарысқа бірінші рет қатысқанына қарамастан ол үлкен жетістікке жетті. Қалған спортшылар да жақсы өнер көрсетіп, жанкүйерлерді ұятқа қалдырмайды деп сенеміз", - дейді Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов.

Жарыс 8-15 наурыз аралығында өтеді. Чемпионатқа 13-17 жас аралығындағы 50 елден келген 200-ден аса ауыр атлет қатысып жатыр. Қазақстан намысын бес спортшы қорғап жатыр.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама