Рауль қайда жүр?

О Сансызбай Корреспондент

Бүгінгі жария болған ақпараттарға сүйенсек, АҚШ-тың "Нью-Йорк Космос" командасының бас бапкері Джованни Саваренсе 36 жастағы шабуылшыны өз командасы қатарына қосуға ниетті екенін білдірді.

- Мен өз командамнан Раульді көргім келеді. Ол нағыз талантты, үлгі боларлық футболшы. Команданы кез келген тығырықтан, кез келген сәтсіздіктен құтқаруға жеке басының шеберлігі арқылы қол жеткізе алады. Мен сол үшін бұл футболшыны командамда ойнағанын қалаймын – деді.

Естеріңізге сала кетсек, "Нью-Йорк Космос" осы маусымда солтүстікамерикалық футбол лигасында (NASL) жеңімпаз атанып, жоғарғы лигаға (MLS) жолдама алған болатын. Ал осыған дейін команда тағы да Испания ұлттық құрамасының экс-футболшысы Маркос Сеннаны қатарларына қосқан еді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: rsport.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама