«Бавария» бундеслига рекордын жаңартты

О Сансызбай Корреспондент

ХІІ турда Хосеп Гвардиола шәкірттері өз алаңында «Аугсбургты» қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл «Баварияның» бундеслигадағы 37-ші жеңіліссіз кездесуі болып, жаңа рекорд тіркеді. Осыған дейін бұл биікте «Шальке-04» командасы келе жатқан болатын. Гельзенкирхендік команда 1982-1983 жылғы маусымда жеңіліссіз 36 кездесу өткізген екен.

ХІІ тур қорытындысы бойынша, мюнхендік команда 32 ұпай жинап турнир кестесін қолына алды. Ал олардың басты қарсыласы – дортмундтық «Боруссия» сырт алаңда «Вольфсбургтан» жеңіліс тапты.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: toss.kz 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама