"Арсенал" Гюндоганға құда түспек

Ла Лига Корреспондент

Tuttomercatoweb.com хабарлап отырғандай, лондондық клуб дортмундық басшылыққа 30 миллион еуро көлемінде қомақты қаражат ұсынып көрмек. Ағылшын алпауытының бұл қомақты қаржысы 23 жастағы жартылай қорғаушыны сатып алуға жеткілікті екен. 

Естеріңізге сала кетсек, Гюндоганға қызығушылық танытып отырғандардың қатарында каталондық «Барселонаның» аты аталады. 

Ертеректе «Арсеналдың» қыстық ауысым кезінде қомақты қаржы бөліп, жақсы орындаушыларды сатып алатындығы туралы айтылып қалды. Қазіргі таңда "канонирлердің" айналымындағы басы артық ақшаның есебі 75 миллион еуроны құрап отырған көрінеді. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: tuttomercatoweb.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама