Әлем чемпионаты жолдамасы бұйырды

О Сансызбай Корреспондент

Қытайдың Чжэнжу  қаласында өткен турнирде Александр Гутор баптайтын волейболшы қыздарымыз екінші сатыдан көрінді. Олар тек 30 қыркүйек күні жарыс иелеріне ғана есе жіберіп алған-ды. Ал жаңа ғана Оңтүстік Корея әйелдер құрамасы қытай қыздарына 3:0 есебімен жеңілді. Осылайша екінші жолдама Қазақстан әйелдер құрамасына бұйырды. Ал осыған дейін Сана Жарылғасова бастаған волейболшы қыздарымыз үнді қыздарынан 3:0 (25:9, 25:19, 25:11) есебімен басым түскен болатын. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.nur.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама