Роналду әлемдегі ең жоғары жалақылы ойыншыға айналмақ

Ла Лига Корреспондент

Sunday Times хабарлап отырғандай, 22 қыркүйек күні "корольдік клуб" португалдық футболшымен 5 жылдық келісімшартқа қол қояды. Роналду жылына 15 миллион еуро табыс табу арқылы әлемдегі ең жоғары жалақылы ойыншыға айналып шыға келмек. 

Естеріңізге салсақ, ертеректе бұл атақ махачкалалық «Анжи» сапында 20 миллион табыс тауып келген камерундық Самуэлю Этоға тиесілі еді. Алайда камерундық лондондық "Челсиге" төмен жалақыға ауысып барған болатын.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: news.sport-express.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама