Хосеп Гвардиоланың алғашқы жүлдесі (видео)

О Сансызбай Корреспондент

"Telekom Cup 2013" финалында "Бавария" "Боруссия М" командасымен кездесті. Жарыс ережесіне сай әр тайм 30 минуттан тұрды. Алайда мюнхендік футболшыларға осы уақыт жеткілікті болғандай. Хосеп Гвардиола шәкірттері қарсыластарын 5:1 есебімен ойсырата жеңді. Команда сапынан Франк Рибери, Филипп Лам, Арьен Роббен, Томас Мюллер және жақында ғана клуб жейдесін киген Тиаго Алькантара еншілеріне бір-бір доптан жазды. Ал "Боруссия М" сапынан жалғыз голды ойынның 30 минутында 11 метрлік айып добынан Люк де Йонг салды.

"Telekom Cup 2013" жолдастық кездесулер турнирінің үшінші орнына таласқан дортмундтық "Боруссия" "Гамбургты" жеңді. Ойындағы жеңіс голын салған Йонас Хофман.

Неміс бундеслигасы 27 шілде күні ел суперкубогын сарапқа салу ойынымен бастау алады. Чемпиондар лигасының финалында кездескен "Бавария" мен "Боруссия Д" тағы да өз арасындағы мықтыны анықтап көрмек.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Xl3NgjcDqXU","width":"450","height":"240"});

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

сурет: vk.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама